×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Телефон террорисі түн ішінде Алматыдағы қонақүйлердің бірін дүрліктірді

04.09.2023, 09:22
фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы қонақүйлердің бірінде қызметкерлер мен келушілер жарылғыш зат қойылғаны туралы мәліметке байланысты эвакуацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің дерегіне сәйкес, 3 қыркүйек, түнгі сағат 23:51-де Бостандық ауданында орналасқан қонақүйлердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.

Аталған нысанға қаланың жедел қызметтері шұғыл жіберілген. Қонақүйдің қызметкерлері мен келушілері эвакуацияланды. Сапер бөлімшесі көпқабатты ғимаратты екі сағаттан артық тінтіді.

«Тексеріс нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ. Қазіргі уақытта анонимді хабар берген адамды анықтау, оны ұстау және ары қарай жауапқа тарту бағытында кешенді жедел шаралар жүріп жатыр», - деп хабарлады полиция.

Айта кетейік, бұдан бұрын жарылғыш зат туралы ақпарат берген жолаушы Астана әуежайындағыларды аяғынан тік тұрғызған.

Серіктес жаңалықтары