×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Су ресурстары және ирригация министрі тағайындалды

04.09.2023, 11:38
gov.kz

Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы 1967 жылы туған. 1991 жылы Ленинград ауыл шаруашылығы институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша, 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін "экономист" мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.

Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы, Горький атындағы колхозда механизатор болып бастаған.

2022 жылдың сәуірінен бері Жамбыл облысының әкімі болды.

Еске салайық, Қазақстанда жаңадан 5 министрлік құрылды.

Серіктес жаңалықтары