×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Павлодар әкімі қызметінен айырылды

04.09.2023, 14:18
Фото: gov.kz

Тиісті өкімге Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Павлодар әкімі Ержан Иманзиповты жұмыстан шығару туралы ұсыныс өткен аптада президент әкімшілігіне жолданған.

Себебі шенеунік қарамағындағылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды тиісінше ұйымдастырмаған, қаланы дамыту мен абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуын тиісті түрде бақыламаған, сондай-ақ қала тұрғындарымен қарым-қатынасты әлсіреткен.

Дәлірек айтсақ, белгіленген мерзімде жаңа қоқыс және ойын алаңдары орнатылмаған.

Қаланың бас жоспарының жобасы аяқталмаған, маңызды нысанның құрылысы кешіккен.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес, Павлодар қаласы әкімінің міндеттері қала әкімінің орынбасары Қадиша Қабылдақызы Беготаеваға жүктелсін", - делінген құжатта.

Серіктес жаңалықтары