×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Митталдың Қазақстандағы активтері ресейлік "Северстальға" беріле ме – Склярдың жауабы

07.09.2023, 10:06
Коллаж: Ulysmedia.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Лакшми Митталдың Қазақстандағы активтері ресейлік "Северсталь" компаниясына беріледі деген қауесетке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Скляр бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Жоқ, олай емес. Ресейлік компаниялармен келіссөз жүргізіліп жатқан жоқ.  Шынында да, компанияның (АрселорМиттал Теміртау – ред.) жөндеу және инвестициялау бойынша мерзімі өткен міндеттемелері бар. Болып жатқан қайғылы оқиғалар бізді алаңдатпауы мүмкін емес. Жұмыс істей алатын және тиімді инвестиция сала алатын басқа инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Қауіпсіздік – басты басымдық. Мен қазір қандай инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айта алмаймын", - деді Скляр.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда "АрселорМиттал Теміртау" меншік иесін ауыстыру туралы саяси шешім қабылданып қойған және ендігі туындайтын сұрақ – Қазақстандағы Үндістан миллиардерінің активтерін кім иеленеді?

Еске салайық, 17 тамызда “АрселорМиттал Теміртау” көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенді. Жер астында барлығы 227 жұмысшы болған. 

Бастапқыда апаттан зардап шеккендер саны алты адамға жеткені хабарланған. Кейін зардап шеккендар саны 13-ке жеткені белгілі болды.

Өрт кезінде «Қазақстан» шахтасынан шыға алмай қалған бес кенші де қаза тапты.

Шахтинск қаласының полициясы ҚР ҚК 277-бабының 2-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Апатқа жауапты басшылар 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.

 

Серіктес жаңалықтары