×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Риддердегі өзеннің ластануы: "Қазмырышқа" ондаған миллион айыппұл салынды

07.09.2023, 11:24
видеодан кадр

Риддердегі Филиповка өзенінің ластануына байланысты экологиялық тексеру жұмысы аяқталды. Экологияға зиян келтірген кәсіпорынға 49 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске салсақ, жуырда Риддер маңындағы Филипповка сүтті реңкке боялғаны жайлы жазғанбыз.

Сол кезде Экология департаменті өзеннің ластануына "Қазмырыш" ЖШС себепкер екенін айтқан. Тексеру барысында тау-кен байыту кешенінің қалдық қоймасындағы құбыры жарылғаны анықталыпты. Салдарынан үш өзен ластанған.

- Апат салдарынан жергілікті жер бедеріне 1350 шаршы метр шлам төгілген. Одан сұйық қалдықтар Филиповка және Тихая өзендеріне төгіліп, одан әрі Үлбі өзеніне ағып кеткен. Осылайша, табиғи аймаққа зиян келтірілді. Ластанған жердің жалпы ауданы 1800 шаршы метрді құраса, қойыртпақтың төгілуі Филиповка мен Тихая өзендерінің 10 шақырым ұзақтығына дейін ластануына әкелді, - деп хабарлады ШҚО экология департаментінен.

Айта кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтарды Павлодар облысындағы қызғылт көлдің жағдайы алаңдатқан.

Серіктес жаңалықтары