×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

"Суицид емес, кісі қолынан өлді": Алматыда оқушының өліміне қатысты шулы іс жабылды

07.09.2023, 15:44
Facebook

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері РФММ-нің 16 жастағы оқушысы Адель Ақанованың өліміне қатысты істі жауып тастады. Марқұмның денесі бір жылдан астам уақыт бұрын Алматыда тұрғын үйдің ауласынан табылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тергеу 16 жастағы жасөспірім өзін-өзі жуан жіпке байлап, денесіне ешбір сызат түсірместен биік қоршауға көтеріліп, асылып өлгеніне сенімді.

Ал қыздың ата-анасы бұл суицид емес, қылмыс екеніне күмән келтірмейді. Олардың айтуынша, қызды ұрып-соққан, содан кейін өз-өзіне қол жұмсағандай етіп көрсеткен.

Марқұмның анасы Айнагүл Бейісова журналистерге дәрігер ретінде бірнеше өлімді, соның ішінде өз-өзіне қол жұмсауды да көргенін айтады.

"Мен асылып өлетіндерде қандай белгілер болатынын білемін, Адельде ондай ештеңе болған жоқ, бірақ сарапшылар қылқындыру іздерін тапты. Бірақ жіпте тер мен майдың іздері жоқ. Егер қызым өзін-өзі өлтірсе, неге мұндай іздер жоқ? Оның денесінде, әсіресе басында көптеген жаралар, көгерулер қайдан пайда болады? Менің қызым екі метрден асатын қоршауға өздігінен көтеріліп, жіпті  ағашқа тіреусіз бекітіп, ауланың ең қараңғы бұрышында суицид жасайтындай күйде болған жоқ", – дейді әйел.

Әйел қызының өліміне оның сыныптасының қатысы бар деп күдіктенеді. Оның айтуынша, ол Адельге үнемі қоңырау шалып, сыртқа шығуын өтінген. Алайда Адельдің ұялы телефонындағы барлық жазбалар жойылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қыздың анасы Адельдің еңбекқор студент екенін, физик болуды армандағанын айтқан болатын. Ол мамандандырылған физика-математика мектебінде оқыды, ақпараттық технологияларға қызығушылық танытты. Мектептегілер де Адельдің жақсы оқығанын және тәртібі жақсы болғанын растады.

Серіктес жаңалықтары