×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

"Қазақстан" шахтасындағы өрт әлі сөндірілген жоқ

07.09.2023, 16:38
фото: ашық дереккөзден

"Қазақстан" шахтасындағы апатты тергеу жөніндегі үкімет комиссиясының жұмысы жалғасуда. Тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ мәліметінше, қазір шахтаның апаттық учаскесінде 13 бөгет тұрғызылды. Тағы 11 бөгет тұрғызу бойынша жұмыстар жалғасуда. 27 тау-кен құтқарушы және шахтаның 45 жұмыскері жұмылдырылған.

“Сонымен қоса тау-кен құтқарушыларымен өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын жалғастыруда. Газ мөлшері бақылауда. Жұмыс орындарында температура көрсеткіштерінің нашарлауы байқалмайды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 17 тамызда “АрселорМиттал Теміртау” көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенді. Жер астында барлығы 227 жұмысшы болған. 

Бастапқыда апаттан зардап шеккендер саны алты адамға жеткені хабарланған. Кейін зардап шеккендар саны 13-ке жеткені белгілі болды.

Өрт кезінде «Қазақстан» шахтасынан шыға алмай қалған бес кенші де қаза тапты.

Олар:

1. Денис Стешин, 1978 ж.т., жерасты туннельшісі, 4-разряд, еңбек өтілі 21 жыл;
2. Халиков Артур, 1994 ж.т., жерасты электромонтері, 4-разряд, жұмыс өтілі 10 жыл;
3. Виктор Бургун, 1966 ж.т., жерасты электромонтері, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл;
4. Слюнков Виталий, 1965 ж.т., жерасты электромонтері, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл;
5. Илья Старовойт, 1996 ж.т., жерасты электромонтері, 3-разряд, жұмыс өтілі 4 жыл.

Шахтинск қаласының полициясы ҚР ҚК 277-бабының 2-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, апатқа жауапты басшылар 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары