×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Әлемге ең үлкен қауіп төндіретін үш мемлекет аталды

08.09.2023, 10:09
фото: ашық дереккөзден

2023 жылы жүргізілген сауалнамаға сәйкес, ғаламшар тұрғындары Ресей, Қытай және АҚШ-ты "әлемге қауіп төндіретін" мемлекеттер деп санайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚШ-тың News & World басылымы 2023 жылдың наурызынан маусымына дейін жүргізілген сауалнаманың нәтижелерін жариялады. Респонденттерге әлемнің 87 мемлекетін әртүрлі сипаттамаларға, соның ішінде адам құқықтарына, армияның күшіне, халықаралық одақтардың болуына және т.б. қатысты бағалау ұсынылған. Соның ішінде сауалнамаға қатысқандарға "әлемге ең үлкен қауіп төндіретінін" мемлекетті атау ұсынылған.

Сауалнамаға сәйкес, респонденттердің шамамен 70%-ы Ресей әлемге қауіп төндіретін негізгі мемлекет деп есептейді. Екінші орында – Қытай, сауалнамаға қатысқандардың 66%-ы осы елден қауіптенетінін жеткізген. Үшінші орында – Америка Құрама Штаттары, оны респонденттердің жартысына жуығы қауіпті ел деп санайды.

Ресейден көбінесе Дания, Финляндия, Жапония және Польша сияқты елдердің тұрғындары қауіптенеді. Сондай-ақ, Ресейді Балтық жағалауы елдерінің тұрғындары қауіпті деп есептейді, ал қытайлықтар, керісінше, Ресейге оң көзқараста. Жапония, АҚШ, Үндістан және Оңтүстік Корея тұрғындары ҚХР-ды әлемдік қауіпсіздікке қауіпті ел ретінде қарастыратыны белгілі болды. Ал АҚШ-ты әлемге басты қауіп төндіреді деп санайтын респонденттердің көпшілігі – Қытай, Түркия, Сауд Арабиясы, Индонезия және Жаңа Зеландия азаматтары. Бір қызығы, АҚШ-пен көршілес Канада мен Мексикада да осындай пікірді ұстанатындар аз болмай шықты.

Сонымен қатар сауалнамаға қатысушылардың 72,5%-ы адамзат "үшінші дүниежүзілік соғысқа жақындап келеді" деген пікірмен келісетіні белгілі болды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Зеленский Украина соғыста жеңілсе, Ресейдің барлық көршісіне қауіп төнетінін мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары