×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Дархан Кәлетаев Украинадағы елшілік қызметтен кетуі жайлы түсініктеме берді

08.09.2023, 14:21
Коллаж: Ulysmedia.kz

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев өзінің дипломатиялық миссиясын аяқтағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz тілшісі Дархан Кәлетаевтың өзіне хабарласып, ақпараттың анық-қанығын анықтауды жөн көрді.

Сіз шынымен елші қызметінен кетесіз бе?

"Жоқ, әзірге өз орнымдамын. Агреманға жаңа елшінің өтініші қазір Украина СІМ-де қаралып жатыр. Бұл ресми рәсім бір айға созылуы мүмкін", - деп жауап берді елші.

Десе де, Дархан Кәлетаев жұмыстан босату себептері туралы сұраққа жауап бермеді.

"Шынымды айтсам, түсініктеме бергім келмейді. Мен қазір Киевтемін", - деді Қалетаев.

Дархан Кәлетаев 2022 жылдың 22 ақпанында Украинадағы елші қызметіне тағайындалды. Ол Украинада соғыс басталғаннан кейін қазақстандықтарды эвакуациялауға жеке өзі қатысты.

Кәлетаев еңбек жолын Тіл комитетінде маман қызметінен бастады. Білім, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінде жұмыс істеді. Алты жыл Президент әкімшілігінде жұмыс істеді.

2007 жылы  Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болды.

Жеті жыл бойы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры болды.

2019 жылы Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды.

Серіктес жаңалықтары