×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

"Қызметкерлер кінәлі": комитет басшысы Атбасар түрмесінде азаптау жайлы

08.09.2023, 16:37
видеодан кадр

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) төрағасы Жанат Ешмағамбетов Ақмола облысы мекемелерінің бірінде сотталған белсенді Тимур Дәнебаевтың азапталған сәті түсірілген резонанстық видеоға түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЖК төрағасы бұл жағдайда оның қарамағындағылар өз өкілеттіктерінен асыра пайдаланды деп санайды.

"Біз бейнежазбаны мұқият қарап шықтық, менің бірінші орынбасарым бастаған қызметкерлер сол жерге барды. Менің ойымша, бұл өз қызметтік жағдайды асыра пайдалану. Видеодан сотталғандар белсенді қарсылық көрсетпегенін көруге болады. Заңды талаптар орындалмаған. Мұндай жағдайларда арнайы құралдар, күш қолданылмайды", - деді ҚАЖК басшысы брифинг барысында.

Ешмағамбетов мұндай жағдайда қызметкерлер бейнетіркеуішке жазып, хаттама ресімдеп, тәртіптік изоляторға қамау туралы қаулы шығаруы тиіс екенін атап өтті.

Ол қатысқандардың барлығы – 11 адам, олардың 9-ы бірден жұмыстан шығарылатынын жеткізді, екеуі ауруханада, ем-дом аяқталғаннан кейін олар да қызметінен босатылмақ.

Сондай-ақ осы мекеменің бастығы мен оның орынбасары қызметінен айырылды. Облыстық ҚАЖД бастығын да қызметінен босатылу ұсынылған, бүгін оның орынбасары жұмыстан шығарылды.

Еске салайық, 3 қыркүйекте әлеуметтік желіде колония қызметкерлері әжетхана жуудан бас тартқан белсенді Тимур Дәнебаевты ұрып-соғып, қинаған видеосы тарады. Онда Дәнебаевты жерге жатқызып, қол-аяғын ұстап, дубинкамен ұрғаны көрінеді. "БАСЕ" телеграм-арнасы жариялаған видеодағы ақпаратқа қарағанда, бейне 24 тамызда Ақмола облысы Атбасар қаласындағы колонияда түсірілген. Әлеуметтік желіде тараған екі видеода биыл жазда сотталған Тимур Дәнебаев қызметкердің сұрағына жауап беріп, жатын бөлмені тазалауға келісетінін айтады. Қызметкер белсендіге «санитария-гигиена нормаларын сақтау» туралы міндетін айтып, күш қолдануға бұйрық береді. Видео соңында бұйрық беруші қызметкер белсендіге әкімшілік хаттама толтырылатынын айтады.

Бұдан бұрын Қазақстанның ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Тимур Дәнебаевтың ісі бойынша қызметтік тергеу басталғанын хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары