×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Маңғыстауда 145 млн теңгенің кәсіпорны мемлекетке қайтарылды

13.09.2023, 12:45
Маңғыстауда 145 млн теңгенің кәсіпорны мемлекетке қайтарылды
фото: ашық дереккөзден

Құны 145 млн теңгеден асатын «Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері» коммуналдық кәсіпорнын мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, бұған дейін кәсіпорын үкіметтің денсаулық сақтау объектілерін мемлекет иелігінен шығаруға салынған тыйымына қарамастан, кейіннен сатып алу құқығымен 5 жыл мерзімге «Қарақия оңалту орталығы» ЖШС-ға сенімгерлік басқаруға берілген.

Бүгінгі таңда сенімгерлік басқаруға беру шарты бұзылып, мүлік қайтадан мемлекеттің басқаруына қайтарылды.

“Бұдан басқа, елордалық прокуратура мемлекет гранттар түрінде бөлген ақшаны қайтару жөнінде шаралар қабылдады. Мәселен, Ғылым қоры 2017-2019 жылдар аралығында «Flow System» ЖШС-ға ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға 259 млн. теңге сомасында грант берген. Алайда грант алушы Ғылым қоры алдындағы міндеттемелерін орындамай, жобаны іске асырмаған.Осыған байланысты прокуратура сотқа талап арыз енгізді. Нәтижесінде сот жауапкерден мемлекет пайдасына 259 млн. теңге өндірді”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Жамбыл облысында 6 жыл бойы мемлекет меншігіне алынбай келген 100 млн теңгені сүт фермасы әкімдікке қайтарылды.