×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Алматы облысында балабақшада кәріз құдығына құлаған 3 жасар бала мерт болды

14.09.2023, 07:55
iStock

Алматы облысында 3 жасар сәби балабақша аумағындағы кәріз құдығына құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше, яғни 13 қыркүйекте сағат 13:08 шамасында болған.

«Еңбекшіқазақ ауданының Полиция басқармасына Қырбалтабай ауылындағы балабақшаның бірінің аумағында ашық кәріз құдығына құлағаннан кейін ауылдық ауруханада 3 жасар баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті», - деді облыстық ПД басшысы Бауыржан Әленов.

Аталған дерек ҚР ҚК 141-бабының 2-бөлігі бойынша (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) полицияда тіркелді.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысын мен жеке бақылауыма алдым», - деді Б. Әленов.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары