×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

"Уәде етілгеннің біреуін де алмадық": өрттен кейін оңалмаған "Семей орманы" көмек сұрады

14.09.2023, 15:48
көрнекі фото

Абай облысында Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин "Семей орманы" резерватының директоры Қайрат Хасеновпен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Хасенов Дәулеталинге "Семей орманы" орманшылығындағы жазғы өрттің салдарынан шиеленіскен мәселелерді шешуге көмек сұрап жүгінді.

"Өрттен кейін төрт ай өтті. Тергеу жалғасуда. Бірақ, "Семей орманы" әлі күнге дейін уәде етілген техниканы – бірде-бір өрт сөндіру машинасын алған жоқ. Өрттен кейін біз экология министрлігі мен үкіметке бірнеше рет хабарластық. Мәселелер әлі шешілген жоқ. Кәсіподақтар федерациясы көмек көрсетеді деп үміттенеміз", - деді директор.

Ол "Семей орманы" орман өрттерін сөндіру үшін әлдеқашан тозығы жеткен техниканы пайдаланатынын атап өтті. Кейбір өрт сөндіру машиналары бірнеше жыл бұрын өндірістен алынған, бірақ олар әлі күнге дейін орманшылық автопарктерде қолданылып келеді.

Хасенов 2017 жылдан бастап жыл сайын кәсіпорын ескірген техниканы жаңарту мәселесін шешу үшін экология министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне тиісті өтініштер жібергенін айтты. Олардың бәрі жауапсыз қалыпты.

"2018-2023 жылдар аралығында өрт сөндіру автокөліктерін өз қаражатымыз есебінен, мемлекеттік сатып алу жолымен сатып алу жоспарланды. Алайда нарықтағы бағаның тұрақсыздығына байланысты қолымыз байланды, ал өрттен кейін техника сатып алу тіпті мүмкін болмай қалды", – деді Қайрат Хасенов.

Сатыбалды Дәулеталин елордаға оралғаннан кейін резерват қызметкерлерінің барлық мәселесін экология министрлігінде және ел үкіметінде көтеретінін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін "Семей орманы" қызметкерлері жалақыны көтеруді талап еткен болатын.

“Семей орманы” резерваты аумағында өрт 8 маусымда тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін жетті. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Абай өңіріндегі ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. Қаралы оқиғаға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Бұдан бұрын Бас прокуратура орман өртінің шығуы себебі бойынша үш нұсқа тексеріліп жатқанын айтты.

Сондай-ақ, ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы орман өрті бойынша өз қызметіне салғырт қараған шенеуніктер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары