×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Kaspi bank-ті басып алу ісі: айыпталушы ІІМ басшысымен қалай келіссөз жүргізгенін айтты

15.09.2023, 15:46

Астанада банкті басып алып, адамдарды кепілге алған Әлихан Мұрадовқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот отырысы басталар алдында Мұрадов журналистердің бұрынғы ішкі істер министрі Марат Ахметжановпен келіссөздер туралы сұрақтарына жауап берді.

"Ол кіріп, кепілге алынғандардың орнына өзін ұсынды. Менің ойымша, бұл құрметке лайық әрекет. Мен оның айтқаны болмайтынын, сақшылар қоршап алатынын түсіндім. Министр қайта-қайта кіріп отырды. Мен оны тіпті танымадым. Қыздан оны іздеу жүйесінен табуды сұрадым. Табылған кезде  оның министр екенін түсіндім. Ол сабырға шақырып, кепілге алынған адамдарды жіберуді өтінді. Менің министрді кепілге алу ниетім болған жоқ. Мен ол келгенде іс насырға шапқанын түсіндім. Сол кезде әртүрлі эмоциялар болды. Мен ол жерде тіпті өлуге дайын болдым. Мен кітап жазып жатырмын, сол жерден де оқисыздар", - деді Мұрадов.

Бұған дейін сот отырысы барысында куәгерлер сотталушы банкті басып алған күні не болғанын айтып берген.

Еске салайық, 18 маусымда Әлихан Мұрадов «Керуен» сауда орталығы маңындағы Kaspi Bank филиалына басып кіріп, мекеме ішіндегі адамдарды кепілге алды.

Оқиға орнына полиция мен арнайы жасақ дереу жетіп, жақын маңдағы үйлердің барлық тұрғындары эвакуацияланды. Басқыншы кепілге алынған адамдарды өлтіруге ниетті екенін мәлімдеді.

Көп ұзамай Мұрадов ұсталып, кепілге алынғандар босатылды.

Бұдан бұрын экс-министр Ахметжанов басқыншының қалай ұсталғанын егжей-тегжейлі айтып берген еді.

Тергеу мәліметтері бойынша, сотталушының өтелмеген несиелері болған, ал қылмыс жасалған кезде ол есірткіге мас болған.

 

Серіктес жаңалықтары