×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстанда есірткі сатқан шетелдіктер ұсталды

16.09.2023, 08:17
Ашық дереккөз

Қазақстан аумағында есірткі сатқан шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Павлодар қаласының прокуратурасы бастамашылық еткен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша полиция қызметкерлері 1987 жылы туған Түркия азаматы А-ны ұстады, одан ақ түсті ұнтақ заты бар полиэтилен пакет тәркіленді.

“Ұсталған адамның телефонын тексеру барысында есірткі салған 2 орын  анықталды, онда осыған ұқсас заттары бар 2 пакет алынды.

Сонымен қатар тінту барысында ұсталған адамның үйінен есірткі салынған орауыш материал және "мефедрон" заты салынған пакет тәркіленді, бұл сараптамамен расталды”, – деп жазды ведомстводан.

Бұл факті СДТБТ-да ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 1,5-тармақтары (адамдар тобының алдын ала сөз байласу, ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы жасаған психотроптық заттардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркелген. Тергеу сотының санкциясымен азамат А. 2 айға қамауға алынды.

Қазіргі уақытта бұл іс бойынша сыбайласы 1982 жылы туған РФ азаматы К. ұсталды, оған қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Серіктес жаңалықтары