×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Әр балаға ақша және тағы да трансферт: Үкімет Ұлттық қорды қалай 100 млрд долларға жеткізеді

19.09.2023, 12:01
Әр балаға ақша және тағы да трансферт: Үкімет Ұлттық қорды қалай 100 млрд долларға жеткізеді
Коллаж: ulysmedia.kz.

2024 жылдан бастап Ұлттық қордан әр балаға 18 жасына дейін әлеуметтік аударым бөлінеді. Ал келесі жылы Үкімет кепілдендірілген трансферт ретінде тағы 3,6 трлн теңге алуды жоспарлап отыр. Осындай жағдайда Үкімет жоспарлағандай, 2030 жылға дейін Ұлттық қорды 100 млрд долларға жеткізе ала ма? Бұл сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа қойды.

Министрдің жауабы жалпы сипатта берілді.

«Ұлттық қордан дағдарысқа қарсы қаражат бөлу функциясы бар. Сонымен қатар инфляцияға көп қысым болмас үшін экономикаға қаражатты шығару да керек. 2030 жылға дейін Ұлттық қордың мөлшерін 100 млрд долларға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Біздің есеп бойынша, осы мақсатқа 2028-2029 жылы да жетіп қоюымыз мүмкін. Әрине, трансферттер болады. Бірақ біз оны қысқартып жатырмыз», - деді Әлібек Қуантыров.

Министр «Ұлттық қор балаларға» жобасы да барын атап өтті.

«Әрине, Ұлттық қорға қоғам тарапынан үлкен назар аударылатын болады. Себебі Ұлттық қорды басқару жүйесінің тиімділігін көтеру керек. Жоспарға сәйкес, әрине, осындай мақсатқа жетеміз», - дейді Қуантыров.

Еске сала кетейік, бұған дейін экономист Мақсат Халық шетелге заңсыз шығып кеткен активтер елге қайтарылса, оны арнайы шот ашпай, Ұлттық қорға салу керек деп мәлімдеген еді.