×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Экономист: Шетелден активтерді қайтарсақ – Ұлттық қорға салу керек

02.09.2023, 20:59
Коллаж: ulysmedia.kz.

Экономист Мақсат Халық шетелге заңсыз шығып кеткен активтер елге қайтарылса, оны арнайы шот ашпай, Ұлттық қорға салу керек деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ұлттық қордың инвестициялық кірістілігіне байланысты алып-қосарым бар. Шетелден қайтатын активтер туралы да президент (жолдауда) атап өтті. Осы жерде шетелден қайтатын активтерді арнайы қор емес, оны Ұлттық қорға аудару керек деп есептеймін. Сол арқылы Ұлттық қордың жинақтарын еселеп арттырып, инвестициялық кірістілігінің келешек ұрпаққа арналған арнайы шот ашып, 50 пайызын аударамыз десек те, түсетін қаражаттың көлемін арттырамыз деп ойлаймын», - дейді Мақсат Халық әлеуметтік желіге жариялаған пікірінде.

Еске сала кетейік, 1 қыркүйекте жариялаған жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылдан бастап Ұлттық қордан балаларға қаражат түсе бастайтынын мәлім еткен еді. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды» деді мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары