Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне террористік шабуыл дайындады деп айыпталған Тәжікстан азаматына қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сотта шетелдіктің экстремистік діни көзқарас ұстанатыны анықталды.
Ол шабуыл құрбандарының көп болуын қалап және нысан ретінде кесенені таңдаған.
Содан кейін ол Түркістанға келіп, қонақүй нөмірін жалға алады. Әлеуметтік желілерде пікірлес адамдарды іздей бастайды.
"Оған пікірлес адамдар – екі ағасы бар қыз шықты. Көп ұзамай олар жеке кездесті, діни тақырыптарда сөйлесті, кесенеге барды. Шетелдік мұнда дұға ететін барлық қауым опасыз және олардың көзін жою керек деп мәлімдеді. Содан кейін жаңа таныстарымен бірге ер адам кесенеге тағы бірнеше рет барып, оны тексеріп, өзі жасайтын жарылғыш заттарды қоюды жоспарлады, ол үшін интернеттегі нұсқауларды егжей-тегжейлі зерттеді", - делінген сот хабарламасында.
Ол кесененің бұрыштарына қою үшін төрт бомба дайындады. Алайда, бұл жоспарды жүзеге асыру мүмкін болмады: қыз бен ағайыны ер азаматтар ҰҚК қызметкерлері болып шықты.
Сотта айыпталушы қасиетті жерлерге ғибадат ету үшін келгенін, ағалары лаңкестік шабуылға мәжбүрлеген қызбен танысқанын мәлімдеді.
Сот оны кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне террористік шабуыл дайындалғанын мәлімдеген.