×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

700 млн теңге жымқырған: Шымкентте әкімдік қызметкері тергеліп жатыр

20.09.2023, 08:56
фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғасы бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікпен тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып, қала аумағындағы көпқабатты үйлердің 150 ауласын абаттандыру бойынша сметалық құжаттамада жұмыстар мен материалдардың бағасын негізсіз қымбаттатқан.

Ол 700 млн теңгеден астам сомаға аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

“Сот санкциясымен аталған азамат ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, жуырда Павлодарда пара алды деген айыппен қалалық әкімдіктің шенеунігі сотталды.

Серіктес жаңалықтары