×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Белсенді Абзал Достияров 15 тәулікке қамалды

22.09.2023, 18:28
Белсенді Абзал Достияров 15 тәулікке қамалды
Абзал Достияровтың парақшасынан

Оған Әкімшілік кодекстің 488-бап, 6-бөлігі бойынша (бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) айып тағылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін полиция бөліміне кірерде ол 19 қыркүйек күні “Әуежай ісі” бойынша 4 жылға сотталған Айгерим Тлеужанның апелляциялық сотына барғанын, алайда ол жерде ұрандамай, плакат ұстамай, көрген-білгенін қаз-қалпында YouTube арнасына жариялау үшін болғанын айтқан еді.

«Мен 19 қыркүйекте еш ұрандаған жоқпын, плакат ұстаған жоқпын. Өзімнің youtube арнама ақпарат тарату үшін мән-жайды қаз-қалпында жарияладым. 488 бап бойынша іс қозғап жатыр екен. Қазір көреміз», - деген полиция бөліміне кіріп бара жатып Абзал Достияров.

Достияров полиция бөліміне адвокаты Жанар Балғабаевамен, екі баласымен бірге барған.