×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Францияда полиция күштеріне қарсы шеру өтіп жатыр

24.09.2023, 08:41
Францияда полиция күштеріне қарсы шеру өтіп жатыр
RFI

Францияның әртүрлі қалаларында полицияның зорлық-зомбылығы мен нәсілшілдікке қарсы жаппай шерулер өтті. Шерулерді кәсіподақтар, солшыл саяси топтар мен азаматтық ұйымдардың альянсы ұйымдастырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тулузадағы шеруге, биліктің мәліметінше, 600-ге жуық адам қатысты. Қатысушылар «Жүйелі нәсілшілдікке қарсы» және «Полиция майып қылады, полиция өлтіреді» деген ұрандар жазылған тақтайшалар ұстаған. Тулузаға жақын Перпиньян қаласында 150-ге жуық адам шықты. Парижде түстен кейін жаппай наразылық басталды.

Бұл наразылықтарға маусым айында полиция қызметкерінің 17 жастағы Наэль М.-ны өлтіруі себеп болды. Оқиға Париж маңындағы Нантер ауданында жолды тексеру кезінде орын алып, әлеуметтік желіде тараған видеоға түсіп қалған. Жас жүргізушіге оқ атқан 38 жастағы полиция қызметкері қамауға алынып, оған қасақана кісі өлтірді деген айып тағылды. Алдын-ала тергеу кезінде офицердің қару қолдану ережелерін сақтамағаны анықталды.

Бұл оқиға Францияда халықтың үлкен наразылығын тудырып, кейбір қалаларда көше толқуларына әкелді. Түнгі тәртіпсіздіктер Парижде және оның маңындағы аудандарда, сондай-ақ Тулуза, Лион және т.б. аймақтарда жалғасты. Барлығы жүздеген адам қамауға алынды. Марсельде тәртіпсіздіктер кезінде полицейлер резеңке оқпен 22 жастағы жігітті жаралады, содан кейін төрт полиция қызметкеріне қатысты тергеу басталды.