×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазнет Семейде жол ережесін өрескел бұзған той кортежіне шүйлікті

26.09.2023, 08:13
видеодан кадр

Қазнетте Семейде той кортежінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған сәті таспаланған видео тарала бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеодан жоғары жылдамдықпен жүйткіген көліктердің жолаушылары терезеден бастарын шығарып, қозғалыстың басқа қатысушыларына қол бұлғап жатқанын көруге болады. Желі қолданушылары олардың әрекетін қатаң сынға алып, жолдағы өзге жүргізушілер мен жолаушылардың өміріне қауіп төндіретінін жарыса жазып жатыр.

Оқиға Семей қаласы полиция департаментінің назарынан тыс қалмады. Жедел басқару орталығының камералары үйлену той кортежінің құрамындағы «LADA» және «HYNDAI» маркалы машиналардың жол ережесін бұзу фактісін анықтады.

«Автокөлік жүргізушілері әкімшілік кодекстің 5 бабы бойынша, оның ішінде қауіпсіздік белбеуін тағу, жолаушы тасымалдау ережелерін, маневр жасау ережелерін бұзғаны, авариялық жағдай туғызғаны және көлік пайдалану ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды» дейді полициядан.

Нәтижесінде аталған құқық бұзған адамдарға 16 хаттама толтырылған. Жалпы сомасы 160 989 мың теңгеге көлемінде айыппұл салынды.

 

Серіктес жаңалықтары