×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккендерге салынатын айыппұл өседі

26.09.2023, 13:45
фото: ашық дереккөзден

Елімізде рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері өсуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет отырысында премьер-министр әкімдерге 1 қарашаға дейін Коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламаларын бекітуді тапсырды. Бұған қоса, әкімдіктер жыл соңына дейін рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін 2 есеге қысқартуы керек.

«Экология министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, рұқсат етілмеген жерлерде қоқыс тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту үшін заңнамалық түзетулер енгізсін. Әкімшілік айыппұлдарды ұлғайту қажет, заң бұзу фактілері қайталанса, соған сәйкес салынатын айыппұл мөлшері де өсуі керек. Сондай-ақ, Экология министрлігі қалдықтарды бөліп жинауды, оларды утилизациялау мен қайта өңдеуді енгізудің халықаралық тәжірибесін зерделеп, қолданыстағы заңнамаға түзетулер әзірлеуі қажет», - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы қалдықтарды жоюдың қазіргі жүйесі, оның ішінде тариф мәселесі еш сын көтермейтінін айтып, жыл соңына дейін жаңа тәсілдерді әзірлеуді тапсырды.

«Экология министрлігі әкімдіктермен бірге 1 желтоқсанға дейін еуропалық озық тәжірибені ескеріп, қалдықтарды жойып, қайта өңдейтін жаңа зауыттар салу бойынша ұсыныстар әзірлеуі тиіс. Ол үшін тиісті заңнамалық база бар. Мәселен, Швеция, Франция, Жапония сияқты әлемнің кейбір елдерінде зауыттар үлкен жерді алып отырған жоқ, онда түтін мен иіс шығармайтын технологиялар қолданылады. Экология, Оқу-ағарту, Ғылым министрліктері жыл соңына дейін қоқыспен жұмыс істеу мәдениеті мәселелерін әзірлеп, оны балабақшадан бастап университетке дейін оқу бағдарламаларына енгізуі керек. Қалдықтарды бөліп жинау мен қайта өңдеу іс-әрекетіміз бен мінез-құлқымыздың маңызды бөлігіне айналуы қажет», - деді Әлихан Смайылов.

Серіктес жаңалықтары