×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Спортшының шағымынан кейін Азиадаға тігілген форманың сапасы тексерілетін болды

26.09.2023, 17:27
видеодан кадр

Туризм және спорт министрлігі Азиадаға қатысатын қазақстандық спортшылар үшін тігілген киімнің сапасын арнайы комиссия тексеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұндай жарыстарға арналған бірыңғай киім үлгісі әдетте индустриялық сертификаты және СТ-KZ сертификаты бар отандық тауар өндірушілерден сатып алынатыны хабарланды.

"Азия ойындары аяқталғаннан кейін комиссия құрылады, ол спортшылардың түрлі жарыстарда өнер көрсетуі үшін спорттық форма тігу мәселелерін зерделейді. Киім үлгісі аталған сертификаты бар өндірушілерден сатып алынды, олар саусақпен санарлық. Шарттар "ҚазСПО-N компаниясы "Zibroo" ЖШС, "79-шы Квартал" ЖК және "Тори компани" ЖШС-мен жасалды. Мысалы, Zibroo компаниясы біздің спортшыларымыздың Олимпиада және Азия ойындарына қатысуы үшін жабдықтарды тігіп, өзін адал жеткізуші ретінде көрсетті", - делінген хабарламада.

Бұған дейін спортшы Алина Сарқұлова әлеуметтік желілерде ойындарға қатысу үшін берілген форманың сапасы нашар екенін айтып шағымданған.

Оның айтуынша, аяқ киімдердің табаны жыртылған, ал футболкалар мен шалбарлардың тігісі сөгіліп кеткен.

Серіктес жаңалықтары