×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Қазақстанда отбасының шырқын бұзатындардың тізімін жасау ұсынылды

26.09.2023, 18:35
Фото: Ашық дереккөзден

Депутат Бақытжан Базарбек елде отбасының шырқын бұзатындардың тізімін жасау керек деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мәселен, несиесін өтей алмаған адам арнайы базаға кіреді. Сөйтіп, несие алу құқығынан айырылады. Жер кодексінде де солай. Жер учаскесін 5 жыл ішінде пайдаланбағандар реестрге кіреді. Оның да салдары болады. Сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүргендер де реестрге енеді. Бас прокуратурада педофильдердің тізімі бар. Осы тұста неге отбасының берекесін қашыратындардың реестрін жасамасқа деген ой келеді. Бұл – күшті механизм», - деді Бақытжан Базарбек Мәжілістің комитетінде.

Депутат бұл шара өз әсерін береді деген пікірде. Айтуынша, бұл реестр отбасылық зорлық-зомбылыққа тек әкенің анаға және балаларына жасаған зорлығын ғана емес, оған азаматтық некедегі деректерді де жатқызуға болады.

“Мысалы, ажырасқан әйел жас жігітпен танысып, көңіл қосады. Содан кейін бұл жігіт әйелге және оның баласына қысым көрсетеді. Егер осындай реестр жасайтын болсақ, бұл жігіттерге әсер етеді», - деді ол.

Отбасының шырқын бұзатындар тізімнен шығу үшін барын салады.

«Оны абьюзер ретінде реестрге 10 жылға кіргізсек, ол бұл реестрден шыға алмайды. Қайткенде де ол үйленуге тырысады, ал адамдар реестрге қарайтын болады. Осылайша, отбасылық абьюзердің психотипіне қысым келтіретін механизмдерді іздеу керек», - деді Бақытжан Базарбек.

Депутат Базарбектің ұсынысына Ішкі істер министрі Игорь Лепеха жеке пікірін білдірді. Айтуынша, егер заң жобасы қабылданса, оның аясында (аталған ұсынысты – автор) қарастыруға болады.

«Мәселеге жәбірленушінің позициясынан қарау керек. Бұл заң жобасы болса, біз қарастыруға дайынбыз. Бастысы ешкімге зиян тигізбеу керек», - деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары