×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

LRT құрылысын банктердің бірі қаржыландыратын болды

15.10.2021, 17:15
фото: Ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов астаналық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында "Астана LRT" жобасы салынып бітетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Көлгіновтің айтуынша, ең басты мәселе – қаржыландыру.

"Астана LRT" жобасы үлкен қаражатты қажет етеді. Әрине, орнатылған бетон тіректер қалаға сән бермейді, бұл рас", - деп атап өтті ол.

Әкімнің мәліметінше, банктермен бір жылдан астам уақыт бойы жұмыс жүргізілді.

“Кез келген екінші деңгейлі банк бұнда келгісі келмейді және әрқайсысының бұған мүмкіндігі жоқ. Сондықтан біз тиісті конкурс жарияладық. Қазір банктердің бірі келісімін берді. Біз бұл туралы тиісті келісімге қол қойылғаннан кейін тағы хабарлаймыз», - деді Көлгінов.

Банктердің нақты қайсы келісім бергені әзірге айтылмай отыр. Елордада жер үстіндегі метроны салып бітіру үшін $1,5 млрд қажет.

Қазір әуежай жанындағы 1 км астам бөлікте бөренелер орнатылған.

Серіктес жаңалықтары