×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстандықтар қаңтар қырғынына кімді айыптайды: зерттеу қорытындысы жарияланды

27.09.2023, 17:14
фото: ашық дереккөзден

"Қазақстандық қоғамның қаңтар оқиғаларын қабылдауы" атты баяндама жарияланды. Баяндама арқылы осы жылдың басында PaperLab зерттеу орталығы мен Demoscope қоғамдық пікірдің экспресс-мониторингі бюросы бірлесіп жүргізген сауалнама нәтижелері ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Баяндама авторлары қаңтар оқиғалары қазақстандықтар арасында әлі де өте өзекті және жиі талқыланатын тақырып екенін атап өтті.

"Бұл ретте зерттеу қазақстандық қоғамда осы оқиғаларға қатысты айтарлықтай поляризацияның бар екенін көрсетеді.  Қаңтарда не болды және қайғылы жағдайға кім жауапты, биліктің реакциясы қаншалықты дұрыс болды деген сұрақтарға жауап берген зерттеуге қатысушылардың пікірлері бір-бірінен айтарлықтай алшақ", - делінген зерттеуде.

Зерттеушілер қоғамда қаңтар оқиғаларының шындығын білуге ынтасына, сондай-ақ биліктің іс-әрекетіне көзқарасына қарай қазақстандықтарды үш топқа бөлген:

Бірінші топ – бұл тақырыпты талқылауға ықылас білдірмейтін, саясаттан алшақ қазақстандықтар: олар елдегі саяси оқиғаларға қызығушылық танытпайды, қаңтарда не болғанын түсіндіруге қиналады, биліктің іс-әрекетіне баға бермейді (немесе бұл туралы мүлдем естімеген) және жауаптыларды анықтауға селқос.

Екінші топ билікке адалдығымен ерекшеленеді. Олар оқиғалардың ресми нұсқасына сенуге бейім, билік шешімдерінің көпшілігін мақұлдайды, оқиғаларға азаматтардың өздері жауапты деп санайды, сайлауда Тоқаевқа дауыс берді, билік оның қолында деп санайды және қазірдің өзінде елді басқарудағы оң өзгерістерді сезінеді.

Үшінші топ –  елдегі саяси оқиғаларға үнемі қызығушылық танытатын, ресми ақпаратқа сенбейтін, қаңтар қасіреті үшін шенеуніктерді айыптайтын, өзгерісті сезінбейтін немесе оған сенбейтін, оқиғалардың қайталану ықтималдығы жоғары деп санайтын азаматтар.

"Азаматтық қоғамның қаңтар айындағы оқиғаларға қатынасы бөлек зерттеуді қажет ететін әртүрлі ішкі және сыртқы факторлардың есебінен қалыптасуы мүмкін. Алайда, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға қатысты поляризацияның тамыры терең және қазақстандық қоғамдағы саяси-идеологиялық бөліністермен байланысты деп айтуға болады", - деп жазады баяндама авторлары.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың басында Қазақстанда Жаңаөзенде газ бағасының көтерілуіне наразылық білдіруден басталған Қаңтар оқиғасы бірнеше қаладағы тәртіпсіздікке ұласқан еді. Оны басу үшін Қазақстан ҰҚШҰ елдерінің қарулы күштерін шақырды. Билік тәртіпсіздіктер үшін "террористерді" айыптады.

Серіктес жаңалықтары