×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қарағандыдағы апат: тұрғындарға жарық берілді

28.09.2023, 11:49
фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрлігі Қарағанды қаласында электр қуатын беру қайта қалпына келтірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрлік мәліметінше, электр станцияларында генерацияның төмендеуі қысқа тұйықталу мен электр қуатының шамадан тыс жүктелуіне байланысты болды.

Ведомство болған жағдайды тергеумен Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті айналысатынын мәлім етті.

"Қала бойынша көшелердегі қозғалысты реттеу үшін жол патрульдері қойылды, ауруханалар қосымша генераторларға ауыстырылды", - деді Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов.

Еске салайық, бүгін Қарағандыдағы ЖЭО-3-те ірі апат болып, тұрғындар жарықсыз қалды.

Серіктес жаңалықтары