×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Алматыда жер қатынастары басқармасының экс-басшысы ұсталды

29.09.2023, 12:12
фото: ашық дереккөзден

Алматыда жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор мәліметінше, оған инвестициялық жобаларды іске асыру сылтауымен жеке тұлғаларға мемлекеттік жер қорынан жер учаскелерін төмен бағамен заңсыз иемденуге жәрдемдесті деген айып тағылып отыр.

“Шенеуніктің әрекеті нәтижесінде мемлекетке жер учаскелерінің құны түрінде жалпы сомасы 180 000 000 теңгеге залал келтірілді. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұдан бұрын Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінің жемқорлығын әшкерелеген.

Лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

Серіктес жаңалықтары