×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстандықтар үшін АҚШ-қа виза алу жеңілдей ме

29.09.2023, 13:07

Бұл сұраққа АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Даниэль Розенблум жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Виза туралы сұрақ - маған ең жиі қойылатын сұрақ. Біріншіден, біз азаматтарымыздың бір-біріне қонаққа баруын жеңілдетуге мүдделіміз. Мен екі тарап үшін де айтып отырмын, өйткені мен АҚШ азаматтарының Қазақстанға туристер ретінде келуін қалаймын, сондықтан бізде екіжақты процесс жүргізіледі. Ең әуелі адам мен адам арасындағы байланысты нығайту керек, содан кейін біздің елдеріміз арасында берік қарым-қатынас орнайды", – деді Розенблум елшілікте өткен брифингте.

Оның айтуынша, Қазақстан –  азаматтары 10 жылға дейін иммиграциялық емес виза ала алатын Орталық Азиядағы жалғыз ел. Бұл жақсы мемлекетаралық қатынастардың көрсеткіші деп есептейді елші.

Розенблюм АҚШ визаны көрсетілген мақсатта пайдаланбайтын адамдардың әрекеттеріне тосқауыл қою үшін ережелер мен заңдар қатаң сақталатынын атап өтті.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан мен Вьетнам өзара визасыз режим туралы келісімге қол қойды.

 

Серіктес жаңалықтары