×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Павлодарда коронавирустан егілмегендерді үйде вакцинациялайды

15.10.2021, 20:52
Фото: ашық дереккөз

Бүгінгі күні вакцинаның I компонентін вакцинациялауға жататындардың 68,40%, II компонентін – 62,72 % алды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Pavlodarnews.kz-ның мәліметінше, өңірлік коммуникациялар қызметінде эпидемиологиялық жағдай және вакцинацияны жүргізу барысы талқыланды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов айтып өткендей, алдағы аптада әрбір емхана жанында мобильдік вакцинация бригадалары жасақталады.

«Екібастұздың 3-емханасының үлгісінде олар Павлодардың тұрғын аудандарын аралап, нақты мекен-жайлар бойынша екпе қабылдамағандарды вакцинациядан өткізеді. Әрбір емханада бұл тізімдер бар. Бұл тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынады», - дейді Айдар Ситқазинов.

Бүгінгі күні вакцинаның I компонентін вакцинациялауға жататындардың 68,40%, II компонентін – 62,72 % алды. Жалпы, өткен тәулік ішінде 168 адамда COVID-19 анықталды. 1206 адам стационарлық ем алып жатыр. Инфекциялық ауруханалардың жүктемесі 55,%.

КВИ таралу қарқыны бойынша облыс «қызыл аймақта» орналасқан.

Серіктес жаңалықтары