×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Нұр-Сұлтанда Қажымұқан Мұңайтпасұлының ескерткіші ашылды

15.10.2021, 23:57
Фото: gov.kz

Бүгін Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты Қ.Мұңайтпасұлы атындағы Олимпиада резервінің мамандандырылған Республикалық мектеп-интернат-колледжінде даңқты палуан, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлы ескерткішінің ашылуы өтті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ҚР Мәдениет және спорт министрілігінің мәліметінше, Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай «Жас Батыр» спорт кешеніне «Қажымұқан» атауы берілді.

Ескерткіштің ашылуында сөз алған Ақтоты Райымқұлова күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығын атап өтуге еліміздің барлық өңірі бір кісідей жұмылып, ерекше атсалысып жатқанын атап өтті.

«Қажымұқан Мұңайтпасұлы – қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Ол бүкіл ғұмырын күрес өнеріне арнап, елімізді өзге жұртқа паш еткен. Талай белдесуде атышулы қарсыласынан айласын асырып, көзі тірісінде ерлігі аңызға айналып үлгерді.

Елорда төрінде күш атасы Қажымұқан бабамыздың ескерткішін салтанатты түрде ашқалы жатырмыз. Сонымен қатар қаламыздағы «Жас батыр» спорт кешені бұдан былай «Қажымұқан» спорт кешені деп аталады. Бұл іс-шаралар балуанға көрсетілген тағзымның шағын да болса, маңызды көрінісі. Алдағы уақытта да аңыз адамның рухын асқақтатып, ерлігін келер ұрпаққа жеткізу біздің мақсатымыз болып қала береді», - деді министр.

Айта кетейік, ескерткіштің жалпы биіктігі 5,7 метр (тұғыры - 2,2 метр, мүсін 3,5 метр). Авторлары – Жалын Бауырқан, Болатбек Салаев.

Серіктес жаңалықтары