×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Қазақстан бокстан Азиададағы алғашқы медалін жеңіп алды

01.10.2023, 16:48

Сағындық Тоғамбай Азия ойындарында бокстан Қазақстанға алғашқы медаль алып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Спортшы қола жүлдегер атанды.

Жартылай финалда 92 келі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз қытайлық Сюэчжэнь Ханнан күшін асыра алмады.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының спортшысы Бекәділ Шаймерденов күрестен күміс жүлдені жеңіп алды.

2023 жылғы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Ханчжоу мен Қытайдың тағы бес қаласында өтеді.

Бастапқыда олар 2022 жылы өтеді деп жоспарланған болатын, бірақ коронавирустық пандемияға және алдыңғы жылдардағы ірі турнирлердің кейінге шегерілуіне байланысты жарыс күндері 2023 жылға ауыстырылды.

Азия ойындарына 45 елден 12 500-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Айтпақшы, Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысушылар саны – 10 500. Қытайда спортшылар 61 спорттың 40 түрі бойынша бақ сынасады.

Серіктес жаңалықтары