×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Инфляцияға қомақты үлес: Қазақстанда білім беру қызметтері күрт қымбаттады

02.10.2023, 12:20
фото: ашық дереккөзден

Қыркүйекте ақылы қызметтер – 0,9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы – 0,6%, азық-түлік тауарлары 0,3% өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен айда инфляцияның өсуіне білім беру қызметтері қомақты үлес қосты. Кәсіптік орта білім беру – 11,3%, жоғары білім беру – 10,8%, орта білім беру 6,3% қымбаттады. Баға мектеп оқушыларына арналған спорт секцияларындағы сабақтарға – 3,2%, таксимен жол жүруге – 2,6%, тұрғын үйді жалға алуға 2,3% өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында бір айдың ішінде баға айтарлықтай тас көмірге 3%, ағаш отынына 2,5% өсті. АИ-95/96 маркалы бензин – 2,7%, АИ-98 1,8% қымбаттады. Жиһаз және үйге қажетті заттардың бағасы – 2%, ноутбук – 1,5%, киім және аяқ-киім 1,2% өсті.

Азық-түлік тауарлары арасында баға бір айда күрішке – 3,2%, жұмыртқаға – 2,9%, жаңа ауланған балыққа, тұздалмаған сары майға – 2,1%-дан, минералды және ауыз суға 1,5%, жаңа піскен жемістерге 1,1% өсті. Бір айдың ішінде, керісінше, картоп 10,3%, жаңа піскен көгөніс 2,3%, күнбағыс майы 2%, жарма 1,5%, құмшекер 1,3% арзандады.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Қарағанды облысында – 1,1% (орташа республикалық деңгейден 0,5 п.т. жоғары), ең төменгі – Алматы облысында 100% баға индексін құрады.

Өңірлер бойынша ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Алматы қаласында – 0,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – Жетісу облысында 1,4%, ақылы қызметтер – Қарағанды облысында 2,1% өсті.

Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанда азық-түлік бір жылда 35% қымбаттағаны хабарланған.

Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО елдерінен алда тұр. Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бағаның жылдық өсуі 14,6 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда небәрі 10,5 пайыз.

Бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстандағы инфляцияны төмендету жолдарын ұсынған.

Серіктес жаңалықтары