×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ұлттық құраманың Азиададағы сапасыз формасы: өнеркәсіп министрі не дейді

03.10.2023, 12:01
Ұлттық құраманың Азиададағы сапасыз формасы: өнеркәсіп министрі не дейді
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанның өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаев ведомствоға Азиадаға ел намысын қорғауға аттанған ұлттық құраманың спорттық формасының сапасына қатысты ресми шағымдар түспегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкіметтегі брифинг барысында журналистер министрден Азия ойындарына қатысып жатқан спортшылардың өтініштерінен кейін Ұлттық олимпиада комитетінен Қазақстан құрамасы киімінің сапасына қатысты шағымдар түскен-түспегенін сұрады.

"Бізге шағымдар түскен жоқ. Өнімнің сапасына қатысты айтсақ, тапсырысты спорттық іс-шараны ұйымдастыруға жауапты орган дербес орындады. Сондықтан біздің министрлік нақты жеткізушіні іріктеуде сапаға тексеру жүргізген жоқ", - деп жауап берді Шарлапаев.

Қанат Шарлапаев Индустрия министрлігі нақты шағымдар мен өтініштерден кейін ғана жеткізушілерді тексере алатынын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін спортшы Алина Сарқұлова әлеуметтік желілерде ойындарға қатысу үшін берілген форманың сапасы нашар екенін айтып шағымданған.

Оның айтуынша, аяқ киімдердің табаны жыртылған, ал футболкалар мен шалбарлардың тігісі сөгіліп кеткен.

Спортшының шағымынан кейін туризм және спорт министрлігі қазақстандық спортшылар үшін тігілген киімнің сапасын арнайы комиссия тексеретінін мәлімдеді.