×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Күмәнді қызметкерлерден арыламыз – вице-министр отбасында әңгіртаяқ ойнататын полицейлер жайлы

05.10.2023, 12:19
gov.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха үйінде зорлық-зомбылық көрсететін полицейлер қызметтен қуылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Егер өтініш келіп түссе, егер оның (ІІМ қызметкерінің – ред.) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны расталса, ол ішкі істер органдарынан босатылады. Заң алдында бәрі тең. Мұндай жағдайлар болды, мен оны жасырмаймын. Бірақ қазір біздің ұстанымымыз осындай – егер сіз қылмыс немесе құқық бұзушылық жасаған болсаңыз, онда жалпы негізде жауап беруіңіз керек. Жалпы, ІІМ саясаты қазір осындай – күмәнді қызметкерлерден арылып жатырмыз", – деді Игорь Лепеха.

ІІМ басшысының орынбасары жаңа заң жобасы аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары тап болатын барлық жағдайлар қарастырылатынына сендірді.

Айта кетейік, бұдан бұрын депутат Амантай Жарқынбек тұрмыстық жанжал туса, ерімен бірге әйелін де қамауға алу керегін мәлімдеген.

«Мынаны түсінуіміз керек: біздің еліміз, біздің жеріміз өте үлкен аумақты қамтиды. Бізде оңтүстік пен солтүстіктің, шығыс пен батыстың менталитеті бір-біріне ұқсай бермейді. Осы өңірлердің жастары бір-бірімен отбасы құрады. Әртүрлі тілде сөйлеп, әртүрлі ұстанымда болады. Олар отбасы болып қалыптасқанша, ұрыс-керіс те орын алады. Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Әр ыдыс-аяқ сынған сайын күйеуін апарып қамап тастайтын болсақ, көпшілігі қайтадан отбасы бола алмай, қосылмай кетеді», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары