×
459.46
495.71
4.93
#Қаңтар оқиғасы #қаңтар қақтығысы #сайлау #жемқорлық #тағайындау
459.46
495.71
4.93

Тұрмыстық жанжал туса, ерімен бірге әйелін де 15 күнге жабу керек – депутат

26.09.2023, 18:40
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бүгін Мәжілісте тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі талқыланып, мұның арты біршама дауға ұласты. Депутат Амантай Жарқынбек ер адамдарға қарсы жауапкершілікті күшейтуден пайда жоқ десе, отырысқа келген әйелдер қауымы оған қарсы аргумент келтіріп айтысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутат Амантай Жарқынбектің айтуынша, тұрмыста жанжал шығып, арты ушықса, қоғам бірден ер адамдарды кінәлап шыға келеді.

«Ал гендерлік саясатымыз қайда? Дұрыс емес. Мынаны түсінуіміз керек: біздің еліміз, біздің жеріміз өте үлкен аумақты қамтиды. Бізде оңтүстік пен солтүстіктің, шығыс пен батыстың менталитеті бір-біріне ұқсай бермейді. Осы өңірлердің жастары бір-бірімен отбасы құрады. Әртүрлі тілде сөйлеп, әртүрлі ұстанымда болады. Олар отбасы болып қалыптасқанша, ұрыс-керіс те орын алады. Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Әр ыдыс-аяқ сынған сайын күйеуін апарып қамап тастайтын болсақ, көпшілігі қайтадан отбасы бола алмай, қосылмай кетеді», - дейді ол.

Депутаттың сөзінше, қазақта намыс, ұят деген бар. «Мені қаматып тастаған әйелдің қасына барғанша, өлгенім артық» дейтін ер адамдар шығады. Ондай азаматтар біздің қоғамда өте көп дегенге сенімді.

«Біздің заңда арандатушы деген ұғым бар. Провакация деген ұғым заңда бар. Осы тұрғыда әйел адамда да мойнына жауапкершілік қойылуы керек. Ер азаматты 15 күнге оқшаулап жабу керек пе,  кінәлі деп табылса, сонымен бірге әйелін де жеке жабу керек деп ойлаймын. Өйткені отбасына түскен жауапкершілікті теңдей бөлсе, отбасын шайқалтқан жауапкершілік те бірдей болуы керек. Сонда біз көп мәселені тізгіндей аламыз», - дейді ол.

Депутат сонымен қатар көп отбасылар ата-анасының араласуынан бұзылады деген пікірге қарсылық білдірді. Ер адам ата-анамыз бізбен тұрады дейді, әйелі біз жеке шығамыз дейді. Депутат жанжалдың көбі осыдан шығатынын айтады.

«Біз ата-ана араласпауы керек. Ата-ана жеке тұруы керек деген сөзді көп естиміз. Ал Қарттар үйіне қариялар сыймай жатыр деген сөзді тағы да айтамыз ғой. Қарттар үйінде қараусыз қалған ата-аналар көз жасын көлдетіп отыр. Сондықтан бұл жерде менталитет, ұлттық таным тұрғысынан заңға өте нәзік тұрғыда келуіміз керек. Кек кекті туғызады. Заңмен бәрін қатайтқаннан ештеңе өзгермейді. Адам болған жерде ұрыс-керіс әрқашан болған. Бала кезден мектепте отбасы туралы пән енгізуіміз керек пе, қарастыру керек. Бәрін мектептен бастау керек.

Депутаттың бұл сөзі отырыстың «температурасын көтеріп жіберді». Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Салтанат Тұрсынбекова орталық әзірлеген жоба ер азаматтарды бөлу туралы заң емес дегенге сендіргісі келді. Оның айтуынша, бұл жердегі ұсыныс – қазақтың салты мен дәстүрін зайырлы елдікке қарама-қарсы қою емес.

«Бұл жерде әңгіме ер азаматтардың басын кесіп алып, соттап жіберу керек деген сөз емес. Кеше ғана төрт жасар баласын ұрып өлтірген өгей әкенің қылмысын естідік. Өзім де ұл асырап отырмын. Бүгін-ертең үйленеді. Оның да адам болып өмір сүргенін, ешқашан ажырасқанын қаламаймын. Біз менталитетті де, заңды да білеміз. Заңның егжей-тегжейіне жетіп, ішкілікке салынғанын емдеу керек. Жұмыс тауып беру керек. Өкінішке қарай, талқы дұрыс болмай, әкелген заң жобамыз талан-тараж болып кетеді. Осы жерде жай уақытты кетіріп отырған жоқпыз. Ер адамдардың құлағына алтын сырға. Ертең қарындасыңызды бір нашақор қорлап кетсе қайтесіз. Руханиятқа, тәрбиеге көңіл бөлуіміз керек», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары