×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері тағы қаңтарылып тұр

05.10.2023, 16:26
фото: ашық дереккөзден

5 қазанда Қырғызстан-Қазақстан шекарасында мыңнан астам жүк көлігі кезек күтіп тұр. Бұл туралы көрші елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қырғызстан-Қазақстан шекарасында жүк көліктерінің жинақталуы тіркелді. Қырғызстаннан шығу үшін мемлекеттік шекарадан өтуге кезекте 569 автокөлік тұр, оның ішінде  "Ақ-Тілек-автодорожный" өткізу пунктінде – 395 көлік, “Кең-Бұлын-автодорожныйда – 121 көлік, "Шалдыбар автодорожный" пунктінде – 53 автокөлік бар.

Мемлекеттік шекараның Қырғызстан-Қазақстан учаскесінде жүк көліктерінің жиналуының себебі – күзгі маусымға тән жүк ағынының, әсіресе, Қырғызстаннан басқа елдерге экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің ұлғаюы. Көлік құралдарының жиналуы циклдік сипатқа ие", - деп атап өтті шекара қызметі.

Қырғызстан тарапынан да, Қазақстан тарапынан да ешқандай шектеулер енгізілмегені, өткізу пункттері күнделікті режимде жұмыс істейтіні хабарланды.

Еске салайық, тамыз айында қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері бірнеше күн бойы қаңтарылған. Жүргізушілер жүк көліктерінің Қазақстанға кіргізілмеу себебіне қатысты түрлі нұсқа айтты. Олардың бірі бойынша, бұл Қырғызстанның Қазақстанға суармалы су жеткізуді тоқтатуына байланысты. Екінші нұсқа – қазақстандық шекарашылар есірткі тиелген өзбекстандық жүк көлігін іздеді деген болжам.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадағы жағдайға қатысты түсініктеме беріп, өткізу пунктерінде ешқандай шектеулер енгізілмегенін мәлімдеген.

23 тамызда шекарада қаңтарылған көліктер саны 600-ден асып жығылғаны хабарланған.

 

Серіктес жаңалықтары