×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Нұр-Сұлтанда Қостанай облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

16.10.2021, 15:45
Фото; қала әкімдігі

Нұр-Сұлтан қаласында кезекті 12-ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәліметінше, бұл жолы елордаға Қостанай облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін жеткізді.

Жәрмеңке әдеттегідей «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанындағы арнайы ұйымдастырылған алаңда өтіп жатыр. 16-17 қазан күндері Қостанай облысының 14 ауданы мен үш қаласынан 50-ден аса кәсіпкер өз өнімін саудаға шығарады. Облысқа қарасты Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Наурызым, Сарыкөл, Таран, Федоров, Ұзынкөл аудандарының, сол сияқты Арқалық, Рудный, Қостанай қалаларының өнімдерін алуға болады.

«Федоров ауданының тауар өндірушілері жалпы салмағы 3,5 тонна сиыр, қой етін жеткізіп отыр. Сол сияқты ауданымызда өндірілген 20 тонна күнбағыс майын алып келдік. Бағалары кіреберісте көрсетілген. Жыл сайынғы өндіретін өнімдеріміздің көлемі өсіп келеді», – дейді Федоров ауданы әкімінің орынбасары Арнұр Сартов.

Таңалакеуімнен жәрмеңкеге жиналған елордалықтардың қарасы қалың. Дегенмен ара қашықтық сақтау, маска тағу секілді карантин шаралары толықтай сақталған.

Қостанай өңірінің кәсіпорындары бас-аяғы 270 тонна көлемінде 100-ден аса өнім түрін жеткізіп отыр. Олардың арасында 50 тонна ет, 31 тонна сүт өнімі, 20 тонна шұжық өнімі мен жартылай фабрикаттар, 27 тонна жарма мен макарон өнімдері, сол сияқты 60 тонна картоп пен көкөніс, 20 тонна ұн өнімдері бар.

Ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы Нұр-Сұлтанда 31 қазанға дейін жалғасады. 21 тамыздан бастап бүгінге дейін Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар және Маңғыстау облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.

Серіктес жаңалықтары