×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Қазақстан Азиаданың тоғызыншы алтынына қол жеткізді

06.10.2023, 14:48
Olympic.kz

Каратэші Қайсар Алпысбай Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

60 келіде ел намысын қорғаған Қайсар финалда Кувейт елінің спортшысы Абдулла Шаабахты жеңді.

Бұл – ел қоржынына түскен тоғызыншы алтын жүлде.

Еске салайық, бұдан бұрын каратэден 75 келі салмақта бақ сынаған Нұрқанат Әжіқанов та алтын медальға қол жеткізген. Әжіқанов ақтық сында Хасан Масарвехті (Иордания) 8:0 есебімен жеңді.

 

Серіктес жаңалықтары