×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Жол жөндеуді желеу еткен СҚО шенділері 360 млн теңгені желге ұшырмақ болған

09.10.2023, 08:53
фото: ашық дереккөзден

СҚО-да бюджет қаражатын жұмсау саласында талдау жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың өрескел бұзушылықтары анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық прокуратура мәліметінше, Ақжар ауданының Экономика және қаржы бөлімінің лауазымды адамдары «Автомобиль жолдары туралы» Заңның 14-бабының талаптарын бұза отырып, ведомстволық сараптамадан өтпей, 3 ауылдағы жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізген.

“Прокурорлық қадағалау шараларымен қабылданған аталған  сатып алулар жойылды, нәтижесінде 363 млн.теңге сомасына бюджет қаражатының жұмсалуына жол берілмеді. Сондай-ақ, осы ауданда ауылдық округ әкімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның талаптарына қарамастан, Талшық ауылындағы кентішілік жолдарды жөндеуге арналған шарт бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін 7 млн.теңге көлемінде төлем жүргізген”, – деп мәлім етті ведомство.

Қадағалау актісі және Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары бойынша ауылдық округ әкімі мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін қызметіне  толық сәйкес еместігі  туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бюджет қаражатын өтеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Айта кетейік, бұдан бұрын Жетісуда бюджеттің миллиардтарын желге ұшырмақ болған 74 шенеунік жазаланған. Облыстық прокуратура мәліметінше, мемлекеттік органдар әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарын негізсіз асыра бағалаған, міндетті мемлекеттік сараптамасыз автожолдар салуға конкурстар жариялаған.

Серіктес жаңалықтары