×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тілсіз жаудан 203 өлім: қазақстандықтар өрт қауіпсіздігін сақтауға құлықсыз

10.10.2023, 11:06
Тілсіз жаудан 203 өлім: қазақстандықтар өрт қауіпсіздігін сақтауға құлықсыз
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтар өртпен күрес мәселелерінде жеке басының қауіпсіздігіне немқұрайлы қарайды. Бұл туралы үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сырым Шәріпханов қазір 300 мыңнан астам үйде түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін, 800 мыңға жуық азаматқа нұсқау берілгенін, 100 мыңға жуық бұзушылық анықталғанын атап өтті.

"Өткен жылдардағыдай халықтың әлеуметтік осал топтарының – қарттардың, мүгедектердің, көп балалы отбасылардың тұрғын үйлеріне баса назар аударылды. 130 мыңнан астам үй есепке алынды", - деді министр.

ТЖМ басшысының айтуынша,"газ бен жану өнімдерінің қауіпті концентрациясын анықтайтын қондырғыларды орнату да тиімді тәжірибе болып табылады". 

"Жылыту кезеңі қарсаңында олардың 8000-ға жуығы орнатылды. 2016 жылдан бері – барлығы 193 мыңға жуық қондырғы. Осы жұмыс басталғаннан бері олардың іске қосылуының 49 жағдайы тіркелді, соның арқасында 219 адам өлімнен аман қалды. Сонымен қатар, бұл мәселеде халықтың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықыласы жоқтығын атап өту қажет", - деді ол.

Шәріпханов биыл 10 мыңнан астам үйдің тұрғындары профилактикалық кеңес беруден бас тартқанын мәлімдеді. 

«Жыл сайын жылыту кезеңінің басталуымен өрт саны өсе бастайды. Жалпы, тұрғын үй секторында олардың саны жыл басынан бері 4 мыңнан асты. 203 адам қаза тапты, 193 адамның денесін күйік шалды және уланды. Өрт кезінде қаза тапқандар санының артуы Шымкент қаласында, Жамбыл, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында байқалып отыр», - деп баяндады Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов.