×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстан автогаз экспортын шектейді

10.10.2023, 15:40
фото: ашық дереккөзден

Еліміз сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігімен әкетуге үш жыл мерзімге және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Энергетика министрлігі "Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрық әзірледі.

"Өнімді бөлу туралы келісім не Қазақстан Республикасының президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндіруді жүзеге асырған, не жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропанды және бутанды автомобиль көлігімен әкетуге үш жыл мерзімге және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – делінген хабарламада.

Ведомство шектеу Қазақстанның ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бұйрық жобасы 24 қазанға дейін талқыланады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ресейлік мұнай Қазақстан өнімін Өзбекстан нарығынан ығыстырғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары