×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Елге қайтарылған ақшаны жемқорлар қайта жымқыруы мүмкін – депутат

10.10.2023, 16:11
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек заңсыз шығарылған активтер қайтарылса, оны Ұлттық қорға жинау керек деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, бүгін Мәжілісте бюджет кодексі талқыланған. Депутат Бақытжан Базарбек осы жобаны талқылау үшін жұмыс тобына кіруді өтініп отыр. Ол ең алдымен, заңсыз қайтарылған активтер мәселесіне тоқталады.

«Бюджет кодексінде арнайы мемлекеттік қор дегенді енгізіп жатыр. Жақын арада заңсыз активтерді қайтару туралы заң күшіне енгенін білесіздер. Соның шеңберінде бюджет кодексінде қайтарылған активтерді сатқан кезде содан түскен ақша арнайы қорға түсетін болады. Менің сұрағым: арнайы қорға түскен ақша елге ашық бола ма? Себебі жемқорлықтың дәрежесін білеміз ғой. Қаншама қаражат ұрланып, жымқырылып жатыр», – дейді Бақытжан Базарбек.

Депутаттың сөзінше, Назарбаевтың билігі кезінде заңсыз елді тонап, халықтың дүние мүлкін, зауыт-фабрикаларды иеленген олигархтардың дүние-мүлкін комиссия сауда-саттыққа енгізіп, ақша түсіріп, Ұлттық қорға аудару керек.

«Біз оны арнайы қор, бірнәрсе деп, бөліп тастаймыз. Соңғы мақсаты не – түсініксіз! Ұлттық қор бар ғой, барсын да соған түссін. Ал бұл жерде министрліктің жоспары – Ұлттық қордан бөлек арнайы қор құру. Арнайы қор қалай басқарылады? Арнайы қорға түскен ақшаны ашық қыламыз дейді. Ол ашық бола ма, жабық бола ма – оны білмейміз. Сондықтан, бүкіл халық барлық қайтарылған активтерді порталдан көріп отыруы керек. Егер сол түскен ақшадан әкімдіктің бюджетті дұрыс жоспарламау салдарынан тесіктерін жамауға жіберілсе, ондай жағдайларда мен ол ақшаны талан-таражға түсті деп есептеймін. Сондықтан бұл ақша балаларға, жасөспірімдерге, денсаулыққа, білімге кетуі керек», - дейді Бақытжан Базарбек.

Серіктес жаңалықтары