×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Құбыр ісі: Теміртау ТКШ бастығының экс-орынбасарына халықаралық іздеу жарияланды

11.10.2023, 08:14
pixabay.com

Теміртау ТКШ бастығының бұрынғы орынбасары, 28 жастағы Кирилл Данияровқа халықаралық іздеу жарияланды. Ол ондаған миллион теңгенің құбырларын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Теміртау полиция департаменті ақпаратты растап, оған халықаралық іздеу жариялау туралы шешім шілде айында қабылданғанын мәлімдеді.

– Оған қатысты ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы – "Ірі көлемдегі ұрлық" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оның орналасқан жерін анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Әртүрлі дереккөздердің мәліметінше, Данияров Жезқазған мен Теміртауда ТКШ бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. Екі қалада да құбырлар жоғалған. Мәселен, 2019 жылы Жезқазғанда белгісіз адамдар қала маңындағы ауылдардың біріне апаратын 13 шақырымға жуық резервтік құбырды қазып әкеткен. Ал 2022 жылдың жазында Теміртауда жылу желілерін күрделі жөндеу кезінде 6 км жылу желілері жоғалып кетті.

Айта кету керек, Теміртауда өткен жылыту маусымы жылу желілерін жөндеу кезінде құбырларды жеткізу проблемаларына байланысты едәуір кешігіп басталды. Қалада жылу құбырлары бірнеше рет жарылып, тұрғындар суық күнде жылусыз отыруға мәжбүр болды. Ірі апаттардың бірі өткен жылдың қазан айында жаңа жылу желісінде болып, ондаған көпқабатты үй жылусыз қалды.

Серіктес жаңалықтары