×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Апаттан аман өте алмаймыз – Энергетика министрі жылу жүйесі жайлы

11.10.2023, 13:29
Коллаж: ulysmedia.kz.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев биыл қыста да жылу электр орталықтарындағы апаттардан толықтай құтылу мүмкін емес екенін мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, мұның көп себебі бар. Журналистерге жылу маусымына қатысты сұрақтарға жауап бере отырып, осындай мәлімдеме жасады.

"Апаттарға келетін болсақ, олар электр жүйесінде жиі кездеседі. Өінішке қарай, одан аман өте алмаймыз. Бірақ апаттардың санын азайтуға келер болсақ, ағымдағы және күрделі жөндеуді жоспарлау өте маңызды. Біз тарифтерді көтердік. Қыс мезгіліне дайындық бойынша күрделі жұмыстардың орындалуына ерекше назар аударылды. Қазір кейбір нысан бойынша жұмысты үлгермей жатыр. Бірақ бұл жылыту маусымының басталуына әсер етпейді. Қазірдің өзінде 10 өңірде маусым еш қиындықсыз басталды", - деді министр.

Айта кетейік, бүгін Риддер ЖЭО коммуналдық меншікке берілетіні хабарланған еді. Ал депутат Елнұр Бейсембаев министр Алмасадам Сәтқалиевтің есебіне күмәнмен қарайды. Ол “қысқа дайынбыз” деген сөзіне қанағаттанбайды.

Серіктес жаңалықтары