×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Қазфосфат» болашақ химиктер мен инженерлерді дайындауға атсалысады

11.10.2023, 17:44
«Қазфосфат» болашақ химиктер мен инженерлерді дайындауға атсалысады

«Қазфосфат» компаниясы – әлеуметтік жауапкершілігі бар кәсіпорын. Мұны Жамбыл облысының мыңдаған тұрғындары жақсы біледі.

Бірнеше жыл ішінде жаңа басшылықтың халықтың әлеуметтік осал санатына жататын қызметкерлердің жалақысы жүйелі түрде көтеріп, пәтерлер беріп, аумақтарды абаттандырды.

Әлеуметтік маңызы бар көмекті көбейту мақсатында компания химия өнеркәсібіндегі білім саласын дамытуға зор үлес қосуды мақсат етіп отыр.

Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы үшжақты келісім аясында М.Х.Дулати, Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті және «Казфосфат» ЖШС Қазақстанда тұңғыш «Менделеев сыныбын» ашты!

Бұл жобаның мақсаты – 10 және 11 сынып оқушылары химия мен математиканы терең меңгеруде ғылыми әлеует пен сыни ойлауды дамытатын бірегей білім кеңістігін құру. Бағдарламаны жүзеге асыру -  Қазақстанның химия өнеркәсібі үшін болашақ кадрларды даярлаудың барлық кезеңдерінде оқыту деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Мұнда әрбір студент үшін элементтердің қасиеттері туралы білімдерін кеңейтуге, теория мен практикалық тәжірибені, химиялық заттармен және жабдықтармен жұмыс істеу әдістерін меңгеруге мүмкіндік беретін жағдайлар жасалған. Осы мақсатта оқу кабинеттері қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың қыркүйек айында «Қазфосфат» қолдауымен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері «Бейорганикалық заттар технологиясы» бакалавриат бағдарламасы бойынша Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетіне оқуға жіберілген болатын. Сонымен қатар, компанияның қаражаты есебінен 60-тан астам қызметкері Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінде оқу бағдарламасынан өтуде.

«Қазфосфат» кәсіпорнының білім беру саласындағы әлеуметтік  мақсаттарын жүзеге асырудағы тағы бір маңызды қадам - Тараз қаласында Н.Е.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің инженерлік факультетінің франшизасының ашылуы болып табылады.

Ашылу салтанаты үстіміздегі жылдың қазан айының басында өтіп, үлкен де маңызды істің басталуының символына айналды. Өйткені, инженерлік орталық - инженерлік ғылымдарға қызығушылық танытатын мектеп оқушылары үшін тамаша мүмкіндік.

Жоба аясында мектеп оқушылары инженерлік, робототехника және бағдарламалау негіздерін оқып, осы бағыттар бойынша білім алып қана қоймай, қажетті практикалық дағдылар мен шығармашылық ойлауды меңгере алады.

Оқыту теориясы практикалық жаттығулармен – тәжірибелермен, есептер шығарумен, жұмыс алгоритмдерін қолданумен тығыз байланыста болатындай етіп ұйымдастырған.

- Біз балаларға қызметтің әртүрлі салаларымен танысуға, олар үшін мүлдем жаңа тәжірибелерді меңгеруге және олардың ой-өрісін кеңейтуге көмектесеміз. Әрине, орталықта оқудың пайдасы зор және өмірде пайдасы тиері сөзсіз», - деді «Қазфосфат» компаниясының өкілдері.