×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Украина Қазақстанға «Lider» қаржы пирамидасының басшысын ұстап берді

12.10.2023, 14:34
фото: ашық дереккөзден

Украинада ұсталған «Lider» қаржы пирамидасының басшысы Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Украина Бас прокурорының кеңсесі «Lider» қаржы пирамидасын басқарды деген айыппен іздеу салынған күдіктіні ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырған.

Оған 2017-2019 жылдар аралығында жалған жобаларға азаматтардың ақшалай салымдарын тартудың заңсыз схемасын ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.

Салдарынан 240-тан астам азамат алданып, 1,2 миллиард теңгесінен қағылған.

Күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, кейін оған халықаралық іздеу жарияланған.

«2023 жылдың тамыз айында күдіктіні Украинаның құқық қорғау органдары ұстады. Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмыстарды жасағаны үшін оған 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Украина алаяқтық үшін сотталған қазақстандықты ұстап берген.

Серіктес жаңалықтары