×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Заң солқылдақ: Қазақстанда қорқор тартатын орындар неге жабылмайды

17.10.2023, 18:01
Заң солқылдақ: Қазақстанда қорқор тартатын орындар неге жабылмайды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанда қоғамдық орындарда қорқор шегуге тыйым салынғанына қарамастан, елдегі заңнамалық олқылықтарға байланысты қорқор шегетін орындар жабылмай отыр. Бұл туралы Қазақстан ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев мәлімдеді, хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында  Ulysmedia.kz тілшісі Азамат Құрымбаевтан полицияның неліктен "Мята" қорқор желілері мен басқа да мекемелерге жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отырғанын сұрады. Кейбір мәліметтер бойынша бұл мекемелерге ІІМ, АП және басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің өздері де барып тұрады.

Өз жауабында Құрымбаев қазір Қазақстанда азаматтардан шағымдар түскен жағдайларды қоспағанда, бизнес субъектілерін тексеруге мораторий қолданылатынын атап өтті.

"ӘҚБтК-нің 441-бабының 3-бөлігінде (жұмыс берушінің темекі өнімдерін тұтынатын адамдарға шаралар қолданбауы) жұмыс берушілерге шаралар көзделмеген. Заңнамада олқылық бар. Темекі өнімдерін тұтынатын жеке тұлғаларға қатысты шаралар қолданылады, бірақ мекемелердің өздері жазаланбайды", - деді ол.

"Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін" ұлттық коалициясының жетекшісі, Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі Жамилә Садықова айыппұл көлемінің аздығына байланысты қорқор шегетін орындардың иелеріне мекеменің бір түн жұмыс істегені үшін 25 мың айыппұл төлеп, үш млн теңгеге жуық табыс табу әлдеқайда тиімді.

"Бізде жеке кәсіпкерлер жауапқа тартылмайды. Ресейде айыппұл жарты миллион теңгеге дейін жетеді. Біз ІІМ-мен бірге рейдтерге шыққанда олар “Қанша айыппұл төлеу керек? 25 мың ба, міне, алыңыз” дейді де, әрі қарай жұмысын жалғастырады", - деді Садықова.

ДДСҰ-ның Қазақстандағы вейп пен қорқорға қатысты ұстанымы

Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кеңсесінің басшысы Скендер Сыла Қазақстанның темекі индустриясымен өзара іс-қимылға толық тыйым салуды көздейтін темекі шегу конвенциясына қол қойғанын және ратификациялағанын атап өтті.

"Мен ешқашан өлімді насихаттайтын адаммен бір бөлмеде отырмас едім. Темекі өндірісі – өлім өндірісі. Біз қазіргі және болашақ ұрпақ туралы ойлауымыз керек", - деді ДДСҰ өкілі.

Темекі шегу туралы заңды бұзғаны үшін Қазақстанда және әлемде айыппұлдардың мөлшері

"Қазақстан заңгерлер одағы" РҚБ төрағасы, Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Серік Ақылбайдың айтуынша, қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу туралы заңды сақтау мәселесінде айыппұлдар үлкен рөл атқарады.

Ол Қазақстанда айыппұл 15 АЕК-ті (51 750 теңге) құрайтынын, бірден төленген жағдайда ол екі есеге азаятынын айтты.

Ал Ирландияда темекіге қарсы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұлдар 3000 еуроны (1 млн 504 мың теңге), Ұлыбританияда – 200-ден 2500 футқа дейін (1 млн 445 мың теңге), Грецияда - 1500 еуроны немесе 752 мың теңгені, АҚШ-та – 250-ден 1000 долларға дейін немесе 477 мың теңгені құрайды.