×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан Курск облысындағы шайқасқа байланысты ұстанымын айтты

Қазақстан Курск облысындағы шайқасқа байланысты ұстанымын айтты
gov.kz

Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Курск облысындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады  Ulysmedia.kz.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазір дүниежүзінің елдері Ресей Федерациясының Курск облысындағы жағдайға алаңдап отырғаны айтты.

Біз саяси-дипломатиялық жолдарды кеңінен пайдаланып, мемлекеттер арасындағы барлық қақтығысты тек бейбіт жолмен шешуді қолдаймыз, - деді

СОҒЫСТЫ БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ҒАНА ТОҚТАТУ КЕРЕК

Ол еліміздің Украина мен Ресейдің соғысы бейбіт жолмен тоқтауы керек деген ұстанымда екені айтты.

Еске сала кетсек, кеше Украина президенті Владимир Зеленский Қарулы күштердің Ресейдің 74 елді мекенін басып алғанын мәлімдеді. Одан бұрын Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырский Ресейдің 1 000 шаршы шақырым жерін әскердің қарамағына өткенінен хабардар етті.

Украина Қарулы күштерінің Курск облысына шабуылы 6 тамызда басталып, әлі жалғасып жатыр.

Бұл соғыс басталғалы бері Ресей аумағындағы ең ірі шайқас болып отыр.